Тесты по лечению рака и онкологии 300- 350




Все вопросы к тестам!

тесты по онкологии с ответами 1-50

тесты по онкологии с ответами 50-100

тесты по онкологии с ответами 100-150

тесты по онкологии с ответами 150-200

тесты по онкологии с ответами 200-250

тесты по онкологии с ответами 250-300

тесты по онкологии с ответами 300-350

тесты по онкологии с ответами 350-400

тесты по онкологии с ответами 400-450

тесты по онкологии с ответами 450-480

 

45 жастағы ер адамды тексеру кезінде мезогастральды аймақта көлемі 6×7см қозғалмалы ісік анықталды. Ирригография қортындысы: көлденең ішектің рагы (ісік көлденең ішектің үштен бір бөлігінде) Іш құрлысының УДЗ нәтижесінде бауырға метастаз бермеген.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

+А. Көлденең ішектің резекциясы

Б. Оң жақты гемиколэктомия

В. Сол жақты гемиколэктомия

Г. Субтотальді колэктомия

Д. Цекостомия

301. 62 жастағы ер кісі стационарға –көлденең ішектің рагы St III, T3NXM0 қойылған анықтамамен түсті, түрі инфильтративті- стеноздық, суб-декомпенсациялық тоқ ішектен өтімсіздігі. Бұл диагноз клиникалық рентгенэндоскопиялық негізінде қойылған,  аденокарцинома гистология бойынша нақтыланды. Қарап тексеру барысында іші желденген оң жақтың желденуіне байланысты ассиметриялы, жұмсақ және мезогастрия аймағында шектеулі ауру сезім, перкуторлы – тимпанит; тәулік бойы нәжіс жоқ, мардымсыз көлемде газдар бөлінетін. 

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Субтотальді колэктомия

Б. Сол жақты гемиколэктомия

В. Оң жақты гемиколэктомия

+Г. Көлденең ішектің обструктивті резекциясы.

Д. Көлденең ішектің анастомоздың резекциясы

302.  61 жастағы ер кісіде көлденең ішектің төменгі бөлігінің рагы St III, T3NXM0.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Субтотальді колэктомия

Б. Трансверзостомды салу

+В. Сол жақты гемиколэктомия

Г. Көлденең ішектің төменгі бөлігінің резекциясы

Д. Айналмалы трансверзостомды салу

303. 50 жастағы әйелдің диагнозында  - қима ішектің рагы St II, T2NXM0.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Сол жақты гемиколэктомия

+Б. Қима ішектің резекциясы

В. Трансверзостомды салу

Г. Көлденең ішектің төменгі бөлігінің резекциясы

Д. Сигмостоманы салу

304. 70 жастағы ер кісі ауыр халде стационарға түсті. Қима ішегіндегі  ісікке байланысты тоқ ішегінің бекітілу симптомдары бар: іші кепкен, сипап қарағанда ішінің сол жақ бөлігінде ауру сезіледі, 12 сағат бойынша нәжіс немесе газ шықпаған. Гистологиялы диагнозы безді рак.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Субтотальді колэктомия

Б. Трансверзостомды салу

В. Сол жақты гемиколэктомия

+Г. Қима ішектің обструктивті резекциясы

Д. Қима ішектің анастомозбен резекциясы

305. 58 жастағы әйелге кешенді тексеру барысында –тік ішектің жоғары ампулярлы бөлігінің рагы St III, T3NXM0 деген клиникалық диагноз қойылды.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Сигмостоманы салу

Б. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

В. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралық экстирпациясы

Г. Тік ішектің құрсақ анальды резекциясын жасап колостома салу

Д. Тік ішектің  құрсақ анальды резекциясын жасап сигманы төмен түсіру

306. 64 жастағы ер кісі клинико-эндоскопиялық тексеру нәтижесінде клиникалық диагноз қойылды:

тік ішектің жоғары ампулярлы бөлігінің рагы St III, T3NXM0. Тоқ ішектің ------------ аймағында асқыну бар.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

+А. Гартман операциясы

Б. Сигмостоманы салу

В. Тік ішектің құрсақ-бөксе аралық экстирпациясы

Г. Тік ішектің құрсақ анальды резекциясын жасап колостома салу

Д. Тік ішектің  құрсақ анальды аралық резекциясы

307. 53 жастағы әйел рентген-эндоскопиялық тексерудің нәтижесінде  тік ішектің ортаңғы ампулярлы бөлігінің рагы St III, T3NXM0.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Сигмостоманы салу

Б.трансанальды стент қою

В. Тік ішектің трансанальды резекциясы

+Г. Тік ішектің құрсақ анальды резекциясы

Д. Тік ішектің  құрсақ бөксе аралық экстирпациясы

308. 68 жастағы ер кісіге –  тік ішектің төменгі  ампулярлы бөлігінің рагы St III, T3NXM0 деген клиникалық диагноз қойылды.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Сигмостоманы салу

Б. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

В. Тік ішектің трансанальды резекциясы

Г. Тік ішектің құрсақ анальды резекциясы

+Д. Тік ішектің  құрсақ бөксе аралық экстирпациясы

 

309. 80 жастағы әйел тексеру барысында – тік ішектің төменгі  ампулярлы бөлігінің рагы St III, T3NXM0 деген диагноз қойылды.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Тік ішектің  құрсақ бөксе аралық экстирпациясы

Б. Тік ішектің құрсақ анальды резекциясы

В. Тік ішектің алдыңғы резекциясы

+Г. Тік ішектің трансанальды резекциясы

Д. Сигмостоманы салу

310. 73 жасар ер кісіні кешенді тексеру, ректороманоскопия, ирригография және компьютерлік томография  нәтижесінде құрсақ қуыс астаулары мен кіші жамбас астауы ағзаларын тексергенде тік ішек рагы анықталған. Қуық пен сегізкөзге таралған. Бауырдың оң  және сол жақ бөліктерінде бірліктік метазтазы анықталды.

Төмендегі көрсетілген операциялардың қайсысы тиімдерек?

А. Тік ішектің  құрсақ бөксе аралық экстирпациясы

Б. Тік ішектің, сегізкөздің және қуықтың  резекциясы

В. Жамбас ағзаларының экзентерация сегізкөз резекциясы

Г. Тік ішектің қарын-анальды  резекциясы

+Д. 2 бағаналы анусты салу.

311. 57 жасар ер кісіде тік ішектің төменгі ампулярлы рагы. Тік ішектің  құрсақ бөксе аралық экстирпациясы операциясын жасаған. Радиологтар операциядан кейін адъювантты сәулелік емді қолдануды ұсынды

Операциядан кейін қандай уақыт аралығында адъювантты сәулелік емді қолданған тиімдірек?

А. 1-2 аптадан кейін

+Б. 3-4 аптадан кейін

В. 5-6 аптадан кейін

Г. 7-8 аптадан кейін

Д. 9-10 аптадан кейін

312. Лимфогрануломатозды қоздыруға себепші  болатынды көрсетіңіз?

А. Адам папиломасының вирусы,

Б. Жағымсыз әдеттер,

В.+Жұқпалы мононуклез,

Г.  Темекі тарту,

Д. Тағамдану ретінің бұзылуы

 313. Лимфогрануломатозды қоздыруға  себеп болатын факторды көрсетіңіз?

А. Ауа райының қолайсыздығы

Б.  Қоршаған ортаның ыластануы,

В. +Иммунды жүйенің тапшылығы,

Г.  Ағзадаға зат алмасудың бұзылуы.

Д.  Темекі тартуы,

314.  Төменде көрсетілген себептердің қайсысы лимфогрнуломатозды қоздырмайды?

А. Тұқым қуалағыш,

Б. Жұқпалы мононуклез,

В. Радиоактивті сәуле,

Г.+Тағамдану ретінің бұзылуы

Д. Иммунды жүйенің тапшылығы.

 

315. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қатерлі лимфомаға жатпайды?

А. Лимфо-ретикулосаркома,

Б. Лимфогрануломатоз,

В. Лимфосаркома

Г.  Ретикуловаркома,

Д.+ Эозонофилді гранулома.

316. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қатерлі лимфомаға жатады?

А.+Лимфогрануломатоз,

Б.  Ретинобластома,

В. Лимфоцитарлы грнулема,

Г.  Аденокарцинома,

Д.  Эозонофилді гранулома.

317. Микропрепараттан лимфогрануломатозды дәлелдеу үшін қайсы клетканы анықтау керек?

А. +Березовский-Штернберг клеткасын,

Б.  Лимфобласты,

В.  Прирогов-Ланганс клеткасын,

Г.  Ретикулогистоциттерді,

Д.  Эпителиалды клеткаларды

318. Микропрепараттан қайсы клетканы анықтағанда лимфосаркома диагнозы қойылады?

А. Прирогов-Ланганс клеткасын,

Б.  Ретикулогистоциттерді,

В. Эпителиалды клеткаларды

Г. +Лимфобластарды,

Д. Ретикулогистоциттерді,

319. Микропрепараттан қайсы клетканы анықтағанда ретикулосаркома диагнозы қойылады?

А. Прирогов-Ланганс клеткасын,

Б.  Ретикулогистоциттерді,

В.  Эпителиалды клеткаларды

Г.  Лимфобластарды,

Д. +Ретикулогистоциттерді

320. « Лимфоциттердің пролиферацияланған түрлері және гистоциттер басым, бірақ  Березовский-Штернберг клеткалары сирек кездеседі» бұл қайсы гистологиялық нұсқаға  жатады-?

А. Аралас клеткалы,

Б.  Түйінді-беріштелгені,

В.  +Лимфогистоцитарлы,

Г.  Лимфоидты тапшылықты,

Д.  Ретикулярлы.,

321. «Біркелкі емес клетка, құрамында Березовский-Штернберг клеткалары өте жиі және жеке өліеттену ошақтары бар» бұл қайсы гистологиялық нұсқаға  жатады-?

А. Түйінді-беріштелгені,

Б. Лимфогистоцитарлы,

В. Лимфоидты тапшылықты,

Г. +Аралас клеткалы,

Д. Ретикулярлы.

322. «Лимфо түйіндері ірі талшықты каллогенді тіндер қабатымен жеке бөлшекке бөлінген, Березовский-Штернберг клеткалары анық, өліеттену, нейтрофилдер мен гистоциттер кездеседі» бұл қайсы гистологиялық нұсқаға  жатады-?

А. + Түйінді-беріштелгені,

Б.  Лимфоидты тапшылықты,

В. Ретикулярлы.

Г. Лимфогистоцитарлы,

Д. Аралас клеткалы,

323. «Дәнекер тіндері ретсіз дамыған, жалпы клеткалары азайған, әсіресе лимфоциттері, Березовский-Штернберг клеткалары пролиферацияланған  және атипиялық гистоциттері бар» гистологиялық анықтама қандай нұсқаға жатады-?

А. Лимфогистоцитарлы,

Б. +Лимфоидты тапшылықты,

В. Аралас клеткалы

Г. Түйінді-беріштелгені,

Д. Жайылмалы.

324. Лимфогрануломатоздық шеткі түрінде, макроскопиялық өзгерісінде мына белгілер қосылмайды?

А. Ауырсыну сезімінің болмауы,

Б. Айналасындағы тіндермен жабыспауы,

В. Тығыз болуы,

Г. Бір-бірімен қосылып жабысбауы,

Д. +Жыланкөздің пайда болуына ыңғайлылығы.

325. Лимфогрануломатоздың шеткі түрінде, макроскопиялық өзгерісінде мына белгілер қосылмайды?

А. Лимфа түйінінің үстіндегі терісінің өзгермеуі

Б. +Сипағанда ауырсыну сезімі,

В. Бір-бірімен қосылып жабысбауы,

Г. Айналасындағы тіндермен жабыспауы,

Д. Тығыз болуы,

326. Лимфогрануломатоздың уыттану белгілеріне жатпайтыны қайсысы?

А. Салмағының жоғалуы,

Б. Терісінің қышынуы,

В. Қызба пайда болуы,

Г. +Тынымсыз құрқақ жөтелі,

Д. Моншақталған түнгі терлеуі.

327. Төменде көрсетілген гистологиялық нұсқалардың  қайсысының болжамы қолайлы?

А.+Лимфогистоцитарлы,

Б. Лимфоидты тапшылықтысы,

В. Аралас клеткалы

Г. Түйінді-беріштелгені,

Д. Жайылмалы.

 328. Төменде көрсетілген гистологиялық нұсқалардың  қайсысының болжамы қолайсыз?

А. Түйінді-беріштелгеннің,

Б. Жайылмалысының.

В. Лимфогистоцитарлысының,

Г. +Лимфоидты тапшылықтысы,

Д. Аралас клеткалысының

329. Лимфогрануломатоздың шеткі түрінде өте жиі кездесетін жері?

А. Қолтық астында,

Б. Құлақ айналасында,

В. Иек астында,

Г. +Мойнында,

Д. Шабында.

330. Лимфогрануломатоз ішкі мүшелердің ішінде нені зақымдамайды?

А. Бауырды,

Б. Көк бауырды,

В. +Бүйректі,

Г. Өкпені,

Д. Асқазанды.

331. Лимфогрануломатозды қарапайым лимфоадениттен ажырататын белгісі?

А. Жұқалы жараның болуы,

Б. Денесінің қызуының өсуі,

В. Ұлғайған лимфа түйіндерінің ауырсынуы,

Г. +Қабынуға қарсы қолданылатын емге төзімді қызба (лихорадкасы)

Д.Ұлғайған лимфа түйінінің терісісінің қызаруы

332. Кеуде қуыс аралығындағы лимфагрануломатозға күдік туғанда анықтау әдістерінің ішіндегі  ең мәліметтісі қайсысы?

А. Фибробронкоскопия,

Б.  Қанның жалпы талдауы,

В. Лимфография,

Г. +Медианоскопия  және биопсия,

Д. Компьютерлі томография

333. Іш қуысындағы лимфа бездерінің  лимфагрануломатозына күдік туғанда анықтау әдістерінің ішіндегі  ең мәліметтісі қайсысы?

А. Фибробронкоскопия,

Б. Лапороскопия жасап биопсия алу

В. Фиброколоноскопия

Г. Асқазанды рентгенмен тексеру,

Д. Ирригография.

334. Лимфогрануломатоздың 1 және П-А сатысындағы ең тиімді ем қайсысы?

А. Хирургиялық,

Б. +Екі-үш циклды полихимиотерапиядан соң радикалды жоспарлы сәулелі ем,

В. Полихимиотерпия,

Г. Химио-сәулелі ем,

Д. Химио-горманальды ем.

335. Лимфогрануломатоздың 3-4 сатысындағы ең тиімді ем қайсысы?

А. Паллиативті сәулелі ем,

Б. Радикалды жоспарлы сәлелі ем,

В.+Ең азында 6 циклды химиотерпиядан соң химиорезистенті түйінге сәулелі ем,

Г.. Хирургиялық ем,

Д.. Симптоматикалық ем.

336. Науқастың мойын, кеуде аралық лимфа түйіндері, көк бауыр, бауыр, өкпе және қолқа айналасындағы лимфотүйіндері зақымдалған және дене қызуы байқалған, тершең, салмағы жоғалған. Бұл қай сатысына жатады?

А . 1-сатысына,

Б.  П-А сатысына,

В.  Ш-А сатысына,

Г.   +1У-Б сатысына,

Д.  1У- сатысына.

337. Оң жақ  мойын, кеуде аралық, сол жақ аксиллярлі бездері зақымдалса лимфогрануломатоздың қай сатысына жатады?

А. 1-сатысына,

Б. +П- сатысына,

В.  Ш-А сатысына,

 Г.   Ш- сатысына,

 Д.  1У- сатысына..

338. Лимфагрануломатозбен аурған науқастың оң жақ мойын лимфа түйіні және кеуде аралық безі зақымдалған және түнде моншақтап аққан терлеуі дене қызуы бар, бұл оның қай сатысы?

 А. 1-сатысына,

 Б.  П- сатысына,

 В. +П-Б сатысына,

  Г.  Ш- сатысына,

  Д. 1У- А сатысына..

339. - «Бір аймақтағы лимфа бездері немесе лимфа бездерінен тыс бір ағзаны, не тіндерді» зақымдаса, бұл анықтама  лимфагрануломатоздың қай сатысына жатады?

А.+1-сатысына,

Б.  П-А сатысына,

В. Ш- сатысына,

Г.  Ш-Б сатысына,

Д. 1У-  сатысына.

340.  «Бір немесе екі  аймақтағы лимфа бездері көк еттің бір жағында, немесе бір не одан көп аймақтағы оған қоса экстралимфа ағзасына, немесе көрсетілген  көк ет аймағындағы тіндерді» зақымдаса бұл анықтама  лимфагрануломатоздың қай сатысына жатады?

А. -А сатысына,

Б. +П- сатысына,

В.  Ш- сатысына,

Г.   Ш-Б сатысына,

Д.  1У-  сатысына..

341. Тік ішектің малигнизацияға бейім полиптері:

А. Толықсыған (гиперпластикалық)

+Б. Бүрлік

В. Ювенильдік

Г. Біртіндеген аяқшалы полиптер

Д. Ракқа айналу жиілігі бірдей

342. Тік ішектің ісік алды ауруларына жатады, біреуінен басқасы:

А. Анальдық сызат

Б. Бейспецификалық жаралы колит

В. Геморройдың асқынған түрлері

Г. Полиптер

+Д. Гиршпрунг ауруы

343. Тоқ ішекті арнайы зерттеуді қажет етпейтін белгілерді көрсетіңіз:

А. Анда-санда нәжісте қанның болуы

Б. Іш қату

В. Көп шырышты сұық нәжіс

Г. Ішектің толығымен тазармау сезімі

+Д. Жүрек айну, құсу

344. Тік ішек рагының жиі кездесетін белгілеріне жатады, мынадан басқасы:

А. Нәжістің қан аралас болуы

Б. Тік ішек аймағындағы жағымсыз сезім

+В. Құсу

Г. Іш қату

Д. Тенезмдер

345. Науқас он жылдан бері ішкі геморроймен ауырады. Ұзақ ремиссиядан соң нәжісінде қан пайда болды. Емхана дәрігерінің іс-әрекеті:

А. Бақылау

Б. Геморрой бойынша ескі диагнозға сүйеніп емдеу

+В. Ішекті арнайы тексеру әдістерінің толық кешенін өткізу

Г. Инфекционист дәрігерге жіберу

Д. Ешқайсысы да емес

346. Тік ішек рагына келесі белгілер тән, мынадан басқасы:

А. Ішек қызметінің бұзылуы

Б. Нәжісте патологиялық қоспалар

В. Ауру сезімі синдромы

Г. Нәжіс массасы формаларының өзгеруі

+Д. Жүрек айну, құсу

347. Тік ішектің анальды бөлігінің рагына тән белгілер, мынадан басқасы:

А. Дефекация кезінде көп мөлшерде қанды бөлінділер

Б. Дефекация кезінде анустағы ауыру сезімі

+В. Жиі тенезмдер

Г. Іш қату,

Д. іш кебуі

348. Тік ішек рагын анықтауда келесі әдістер қолданылады, біреуінен басқа:

А. Саусақпен зерттеу

Б. Ректороманоскопия

В. Ирригоскопия

+Г. Лапароскопия

Д. Екі жақты лимфография

349. Тік ішекті саусақпен зерттеуді науқастың қай қалпында аяқтау керек:

А. Арқада жатып

Б. Сол бүйірде жатып

+В. Тізерлеп отырып

Г. Тізе шоштақ қалыпында

Д. Оң бүйірде жатып

350.Тарылтушы тік ішек рагы кезінде қай әдіс арқылы ісіктің ішек бойындағы ұзындығын анықтауға болады:



Обновлен 29 ноя 2014. Создан 27 ноя 2014



  Комментарии       
Имя или Email


При указании email на него будут отправляться ответы
Как имя будет использована первая часть email до @
Сам email нигде не отображается!
Зарегистрируйтесь, чтобы писать под своим ником

  ПАРАЗИТЫ у ребенка? Записывай: добавить 20 капель Бактефор на 100-150 мл воды...

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 У тебя папилломы и родинки? Рассказывает главный онколог России - в любой момент папиллома может стать...

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

  Гипертония это - тихий убийца. Пью 1-2 пакета в день и уже около месяца ни разу не вызывал скорую.

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Вечная молодость Софии Ротару или как за 2 недели помолодеть на 30 лет

  Читать далее


Внимание! Представленные материалы, являются информацией общего характера
и не могут заменить квалифицированной консультации врача специалиста.



Яндекс.Метрика



Сайт по лечению перекисью водорода и содой 

http://perekis-i-soda.ru/category/professor-neumyvakin