Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік




Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.

 

ДЖДС¥(ВОЗ) анықтамасы бойынша аурухана ішілік инфекцияға (АІИ) - пациенттің ауруханаға жаткан кезінен көмекке жүгінгенде (аурухана кызметкерлерінің осы мекемеде істеу барысында) немесе ауру себептері пациенттердің ауру белгілері ауруханада болған немесе одан шықкан кезеңдеріне болған жэне аныкталынған клиникалык ауру түрлері жаткызылады.

Мынандай аныктама беріледі: « Аурухана ішілік жұкпа бүл - кез-келген клиникалық белгілері анықталған жұкпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина кызметкерлері медициналык көмек беру барысында жұктырып алады ».

Баска да АІИ үлкеи тобы - ішекті инфекция. Олар 7-12%-ін кұрайды. Ішекті инфекциялардың арасында сальмонолездер басым болуда. Сальмонолездер негізінен (80%-ке дейін) хирургиялык және реанимациялык бөлімшелерде әлсіреген наукас улкен операциялардан кейін немесе ауыр соматикалық патологиясы бар науқастарды тіркейді. Наукастар және сырткы орта обьектілерінен бөлінген сальмонелла штаммдары жоғары антибиотик резистентілігі және сыртқы орта тұрактылығымен ерекшеленеді. ЕПҰ жағдайларындағы коздырғыштардын таралу жолдары - контакты-түрмыстық және ауа, шак болып табылады. Аурухана ішілік патологиянын ролі болып гемоконтакты вирусты гепатиттер В, С, О. Олар 6-7%-ін қүрайды. Бұндай ауруға шадшккан наукастар: үлкен көлмді хирургиялык операциялар, кан ауыстырғыш терапия, программды гемодиализ, инфекциялык терапия.

АІИ пайда болу себептері обьективті жзне субьективті болып бөлінеді. Объективті ЕП¥ басшыларына тәуелді емес. Субъективті - оларды шеттеу.

Объективті себептері:

  • Аурухана және бөлімшелердін бар толуы, талаптарға жауап бермеуі
  • Көптеген микроорганизмдердін антибиотикке тұрақтылығы
  • Медицинад», мал шүаруашылығында, және баска да шаруашылық өнімдерде кен
    мөлшерде антибиотиктерді кабылдау расталынбаған
  • Кәрі, әлсіреген науқастардың салмагынын жогарылауы
  • Организмнін карсылығынык төмендеуі
  • Инвазивті манипуляциялардын
  • Емдеу - профилактикалык мекемелердің артық болуы
  • Ескі жабдыктар

Субъективті себептер:

  • Медицина кызметкерлерінің жеткіліксіз дайындығы
  • Санэпидстанция кызметкерлері жағынан бакылаудын жоктығы
  • Наукастар арасында және наукас пен  қызметкерлер карым  - катынас санынын жоғарылауы
  • Медицина кызметкерлері арасындагы  бактерия тасымалдаушылар диагностикаланбаған жағдайлар

•    Науқастардын күтімі кезіндегі инфекциялык кауіпсіздікті дұрыс кадағаламауы
Қауіп - катер топтары:

  • Жоғары жүкпалы топка келушілер және туыскандары, хирургиялык бөлімдс ауыр
    халдегі     наукастарды    кутушілер    урологиялык,    реанимацнялық,     гемодиализ
    бөлімшелерде және т.б. әсіресе үлкен жастағы адамдар мен балалар шалдығады.
  • Медицина қызметкері, әсіресе, биологиялык сұйыктықпен кірлеген қүраддар және
    барлык тазалау кезендеріне талаптары.

Аурухана ішілік инфекция дамуының 3 түрін бөлуге болады:

•                 Емханалык көмек алынған жүқпалы наукастар.   1979 жылы Европалық регионалды   бюрода   ұсынылған.   Аурухана   ішілік   инфекция   -   әртүрлі клиникалық  көрінісі бар инфекциялық аурулар,  яғни  науқас ауруханаға түскенде немесе емдеу көмегі керек наукастар.

Аурухана ішілік инфекцияның жіктелуі:

  • Ауа - тамшылы (аэрозольді)
  • Су - алиментарлы
  • Контакты - тұрмыстық
  • Контакты    -    құрал-жабдықтар   (постинфекциялық,   операциядан    кейін, босанудан кейін, трансфузиядан кейін, эндоскопиядан кейін, плацентарлык, постгемосорбциялық)
  • Посправматикалык
  • Және де баска формалары. Аурухана ішілік инфекция құрылысы емдеу профилактикалық   мекемелердін   ірі   көппрофильді,   іріңді   -  септикалык инфекция бастапқы  орын  алады,   75-80%-ін  кұрайлы.   Көбінесе  іріңді  - септикалық инфекция хирургиялық профильдегі науқастар тіркеледі, іріңді - септикалық  ннфекция   негізгі   пайда  болу факторлары   болып табылады.
    Кызметкерлер арасындағы резидентті типті жұктырушылар санының өсуі, госпитальді  штамдардың құрылуы, науқастарды орналастыру ережелерін дұрыс кадағаламау және дұрыс күтім жұргізбеу және т.б.

 

Медицина мекемелерінде кызметкерлердің денсаулығын сақтау және қамтамасыз ету жүйесінде ннфекцияны бақылау программасы ерекше орын алады. АІИ- дын алдын алу барысында күнделікті санитарлык гигиеналык тәртіпті дұрыс сақтау пациентті стационарға белгілі тәріппен қабылдау, киім ауыстыру, тамакты уакытымен ішу және т.б. жұмыстардың дұрыс орындалуын кадағалау керек. Қазіргі технологияның дамыған кезенінде эпидемиялық бақылау жүргізу алдымен бұл инфекциялардын тіркеуге дұрыс алынуымен және олар туралы есептің дұрыс жүруімен қадағаланады. Дүние жүзілік статистика белгілері бойынша АІИ ауруханада жаткан наукастарын 3 % кұрайды, ал біздін статистикаға жүгінсек бұл көрсеткіш 2 % -6% ға дейін жоғары. АІИ жиілігін интенсивті бөлімшелерде жоғары (25 %, ал хирургиялык палаталарда 33 %). Әлеуметтік бағдарламалар мен оған деген жауапкершілік дамыған коғамда мейірбике ісі басты функциялардың бірі болып табылады. Халықаралық стандартка сай, медбике күнделікті, тиянакты және барлық санитарлык - эпидемиологня және эпидемиологияға карсы тәртіп талаптарын, осы бұйрыктарға сәйкес кәсіби мІндетін орындау кажет. ҚР ЕПҰ -дағы санитарлы эпидемиологиялык тәртіп бұйрыктарын, дезинфекия және стерилизация  катаң сактау керек.

Ауруханадағы АІИ таралуын және пайда болуына кедергі келтіретін шаралар 3 бағытта жүргізілуі керек: инфекция көзі, таралу механизмі, организм сезімталдығы. Ауруханаға науқас түспей тұрып дәрігер паспорт бөлімі және диагнозынан басқа науқас қандай аурулармен ауырғанын және диагнозынан басқа науқас қандай аурулармен ауырғанын және жұқпалы аурулармен қатынаста болды ма, жоқ па айқындау қажет. Ауруханада бірінші эпидемиологияға қарсы тосқауыл қабылдау бөлімі. Әрбір науқасқа ауруханаға түскен ауруханалық науқас картасы толтырылады ( 003 у), бұл емдеу мекемесінің негізгі құжаты болып табылады. Бұл инфекцияны бөлімшеге әкелмес үшін науқас түскеннен кейін барлық сақтану шараларын қолдану керек. Оларға кіретіндер: науқастың индивидуальді қабылдануы, нақты қарау, дер кезінде жұқпалы ауруды анықтау. Жұқпалы аурулар ( вирусты гепатит, тамақ улануы, дизентерия және т.б.) табылғаннан кейін немесе күдіктенгенде науқасты жекешелендіріп, бокс немесе изоляторға жатқызады. Анықталған науқасқа  шұғыл хабарландыру ф 058 у толтырылады, мәліметтерді журналға тіркейді. Қабылдау бөлімінде науқастарды педикулез және қотырға қарау өткізіледі, науқас пайдаланған заттар және орындарды дизенфекциялайды.

Әрбір табылған педикулезді СЭС-ка хабарлайды.Ауруханаға таралған инфекциянын алдын алу мақсатында медицина кызметкерлеріне өткізіледі:

  • Қарау және жаңадан жұмысқа тұратындарға лабораториялык тексерулер.
  • Бөлімшеге кіретін кезде жұмыс киімдерін ауыстыру
  • Санитарлык  минимум  нормаларын  кайталап  өткізу, медбикелерді бұйрыктар және нормативті кұжаттармен таныстыру.

Барлык медицина кызметкерлері медициналык каралудан және лабораторлы бакылаудан өткізіледі.   Флюрография   және   тері   -  венерологиялык  диспансердін   мамандарынан тексеріліп  турады. Алдын  алу  максатында  инфекциянын  тамак  аркылы  таралуына байланысты ас блоктарында кұрылысына сай талаптар қатаң сақталады.

 

 

 

Аурухана ішіндегі инфекция - ауру симптомдары ауруханада болған уақытында немесе пациенттер ауруханаға түскен және емдеу көмегін алған, нәтижесінде осы мекемедегі жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінде болатын жұқпалы аурулар.

Аурухана ішіндегі инфекция туралы мынандай түсініктерді білу қажет:

• Бірінші инфекция пайда болған уакытта жараның бастапкы ластануынан пайда болады;

• Реинфекция - бірінші инфекцияның жоқ болу жағдайында микробтардың кайтадан денеге кіруі, аскынуы;

• Суперинфекция - инфекциялык процесс аяқталмаған жағдайларда қайтадан микробтардың түсуі, бұл әдетте өте ауыр түрде болады.

Микробтардың ағзаға түсуі ішкі «өткізгіш есіктер», яғни жаракаттанған тері кабаты немесе шырышты кабык аркылы іске асады.

Аурухана ішіндегі инфекциялар арасында ең көп кездесетіндері:

1) зэр бөлу жүйесінің инфекциялары;

2) іріңді-септикалык инфекциялары;

3) тыныс жолдарындағы инфекциялары:

4) бактериялар;

5) тері инфекциялары.

Аурухана ішіндегі инфекциялар (АІИ) пайда болуына эпидемиялык процесстің үш факторы болуы мүмкін:

1. Қоздырғыш.

2. Қоздырғыштын беріліу әдісі

1.  Инфекцияны қабылдайтын адамның ағзасы

АІИ-ға жататын ауру түрлері

АІИ-ға мынадай түрде пайда болатын инфекциялық ауру түрлері жатады:

• аурухана ішінде жұқтырған пациенттер;

• басқа емдеу мекемелеріне көмекке жүгінген пациенттер;

• пациенттерге аурухана ішінде немесе баска емдеу мекемелерінде көмек көрсеткен кызметкерлерде бұлар балалар ауырулары (корь, скарлатина, дифтерия, кызылша, паротит жэне баскалары)

• ішек инфекциялары (сальмонеллез, амебиаз, шигеллезы, жэне баскалары)

• іріңді- қабыну инфекциялар (пиодермиттер)

• аса қауіпті инфекциялар (сибирь язвасы, чума, сүзек

• вирусты инфекциялар (тұмау, гепатиттер, ВИЧ және басқалар ).

АІИ- тудыратын коздырғыштар:

• Қызылша, қызамық (скарлатина) дифтерия, сальмонеллез

• В және С гепатиті ауруларының коздырғыштары және патогенді микрофлора.

• Осы патогенді микрофлоралардың ішінде жиі кезесетіні стафилококк, стрептококк, іріңді таякшалар, ішек таякшасы, протей, сальмонеллалар.

Осы инфекциялардьщ коздырғыштары инфекция  ошағында болады.

АІИ-ның ошағы болуы мүмкін:

- медицина кызметкерлерінің колы

- ішек куысы, зэр шығару жүйесі, мұрын қуысы, тері, шаш, ауыз куысы.

- коршаған орта, шаң, су

- тамақ қалдықтары

Аурухана ішілік жұқпанын таралу жолдары:

- экзогенді (ағзаға жүқпаның коршаған сыртқы ортадан түсуі).

- эндогенді (жүқпаның ағза ішінде таралуы).

Жұқпаның экзогенді таралу түріне жататындар:

• ауалы-тамшылы (жұқпаның ағзаға закымдалған ауа арқылы енуі)

• қарым-катынасты (залалсыздырылмаған медициналык кұрал-жабдыктармен емдік-шара орындау кезінде)

• имплантациялық (залалсыздырылмаған протездерді)

• трансмиссивті (жәндіктердің тістеуі аркылы)

• алиментарлы (сапасыз тағамды колданған кезде)

Жүқпаның эндогенді таралу түріне жататындар:

гематогенді - бұл кан ағысы аркылы

лимфогенді - лимфа ағысы арқылы таралады.

Алдын алу нәтижелі жүргізу үшін аурухана ішілік жұқпаның көзі мен тарату жолдарын білу керек, сонда ғана емдеу сауыктыру мекемелеріңде жұқпаның таралуын болдырмауға болады.

 

 

Аурухана ішіндегі ннфекцияның алдын алу.

Аурухана ішініндегі инфекцияның алдын алу үшін емдеу жэне алдын алу мекемелерінде төмендегідей шараларды жүргізеді:

• санитарлық-гигиеналық режим сақтау

• пациенттерді ауруханаға кабылдау тәртібін сактау (пациенттерді битке тексеру, дене кызуын өлшеу, мұрыннан және тамақтан жұғынды алу)

• жиыстыру кұралдарын, дезинфекциялык ертінділерді сақтау

• ережелерін САН ПиН бұйрығы бойынша орындау

• жұмыс киімдерін сақтау ережелерін қолдану

• ауруханадағы пациенттерге санитарлық тазарту жүргізу және киімдер мен төсегін ауыстыру 7-10 күн сайын

• кір киімдерді жинау, сақтау ережелерін бүзбау

• пациенттердің күтуіне колданатын медициналык кұрал-жабдықтарды дезинфекциялау бұйрык бойынша жүргізіледі

• жұқпалы аурулармен ауыратын пациенттерді бақылау, табу, олармен катынаста болған адамдарға бақылау жүргізу уакытын сактау

• тамактандыру режимін кадағалау: ыдыстарды, жиыстыру кұралдарын тазалау, сактау, үйден әкелінген тамакты тексеру

• жұкпалы   аурулармен   және   аса   кауіпті   аурулармен ауыратын пациенттер болса, бөлімдерде ескерту - схемалары болу керек, онда медициналык кызметкерлерінің жүмыс істеу тәртібі көрсетілген

• жедел жәрдем беру, хабарлау схемасы, керекті жиынтыктар тізбесі

• емдеу және алдын алу мекемелерінде жұмысқа келушілерді тексеріп және зертханалык тексеруден өткізу

• емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию

• медицина кызметкерлерін ЕСМ-нің санитарлык эпидемиялық тәртібі туралы бүйрыктарды және нұсқаулармен таныстырып тұру

Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз - микроорганизмдердің жараға немесе ағзаға түсірумеудің алдын алу мақсатында жүргізіледі. Мысалы: медицина кызметкерлері антисептикалык ерітінділермен қолын жуу, ине егетін орынды тазалау.

 

Адам денсаулығы - бұл психикалык, физикалық және әлеуметтік әл ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылган.

Амбулаторлык көмек:

1) амбулатория   (шағын   поселоктың,   өнеркәсіптік  кәсіпорынның  немесе ауылдық жердің түрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық   жерде);   амбулаторияда   ауруларды   қабылдау   тек   негізгі  мамандықтар   бойынша   жүргізіледі   (терапевт,   хирург,   стоматолог, гинеколог);

2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналык кемекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (оның құрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);

3) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардын аскынуларының  алдын - алу бойынша емдеу-профилактикалык  шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері кабылдайды; лабораторлық, диагностикалық   және   емдеу   бөлмелері   бар;   науқастарды   аныктау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалык қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді; диспансерлер    -    диспансерлік    әдіспен    жұмыс    істейтін    ерекше мамандандьфылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сыркаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялық, психоневрологиялық және т.б.); емдеу жэне алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихаттық жұмыс жүргізеді;) жоғары      квалифицирленген      медициналык      көмек      көрсететін мамандандырылған    кеңестік-диагностикалык   орталық   (көбінесе    ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);  жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге қабылдау кезінде көмектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;  жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, түрғьшдарға шүгыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға езі баратын, өзі алгашқы көмек көрсететін жэне науқасты ауруханага жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жэрдем көлігіндегі қазіргі кездегі күралдар стационарға дейінгі жолда шүғыл көмек көрсетуге жэне реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

Стационарлық медициналык көмек жүйелі бакылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарга көрсетіледі.

Стационардын түрлері: аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде түрғындарга жогары квалифицирленген көмек көрсетеді; көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылган (инфекциялық, психиатриялық жэне т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл түрғындарын жогары квалифицирленген медициналык көмекпен қамтамасыз етеді;

2) госпиталь - эскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;

3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зерттеу жүмыстары жэне студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналык қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;жалғастыратын стационарлық мекеме; емдік балшыктары бар жайлы климатты шипажаи - науқастардың емш негізінде оны минералдық сулары, жерлерге (курортта) салады.

 

 

 

Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімше-сінің бөлмелерін санитарлық үстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жа-туға рүқсат етіледі.

Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлык өңдеуді өткен педикулезі бар науңас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.

Жаңа түскен науқаска таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттары беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зөр қабылдағыш, дөрет ыдысы.

Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірлегеніне қарай, калғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.

Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жи-налады. Олар сортталып және сүрыпталып, осы максатка беріл-ген арнайы бөлмелерге өткізіледі. Науқастарға шаштараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигие-налық ережелерін сақтауы тиіс: таңертеңгі жөне кешкі дөрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмай-ды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.

Науңас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім зат­тары жөне оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияла-нады (кестені қараңыз).

Бөлімше күніне екі рет дымқыл өдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдануымен жинасты-рылады.

Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбала-нады жене палатаға, процедуральщ кабинетке, буфетке жөне тағы басқа бөлмелерге белек арналады. Қолданғаннан кейін де-зинфекцияланады (кестені кара).

Барлық ауруханаларда инфекция жүңтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене ңызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгек-пен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жүқпалы ауруы-на күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу палатаға немесе изоляторға (кан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалай-ды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық кызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.

Химиялық өдіспен залалсыздандыру дәрілер ішікде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітінділері, 0,015, 0,06 % део­хлор ерітінділері қолданылады.

Дезинфекцияның сапасын ңараумен баңылау (бөлменің са­нитарлык жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) жөне бактериологиялық жолмен (егу, жүғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейір-бикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің сақталу төртібін бакылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дүрыс өткізу жағынан бакылау СЭС (санитарльщ-әпидемиологиялық станция-сы) міндеттеріне кіреді. 

Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп – аурухана ішілік инфекцияның пайда болуына бөгет болатын, эпидемияға қарсы және санитарлы- профилактикалық шараларды ұйымдастыру жүйесі болып табылады.

                ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп- осы мекемедегі науқастарға оптималды гигиеналық жағдайды орнату орнату үшін территориялар мен палаталардың санитарлы тазалығына емдеу мекемелерінің жылуына және вентиляцияны, жарықтығына, жиһаздың  және ішкі әрлеуіне аурухананың ғимараты және жерінің жайласуын, жайғасуы бойынша қойылатын талаптарды, және де сонымен қатар аурухана ішілік инфекцияның алдын алуға бағытталған талапты да қамтиды. Емдік мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға бағытталған шаралардың негізгі элементтері болып асептика, антисептика бойынша қойылатын талаптарды қатаң сақтау және дезинфекцияны жүргізу болып табылады.

  • Дезинфекция- сыртқы орта объектілердегі жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға болатын заттар мен әдістерді зерттейтін ғылым.
  • Антисептика – жарадағы, патологиялық ошақтағы немесе ағзадағы микроорганизмдерді жоюға болатын іс – шаралардың жиынтығы.
  • Асептика – жараға инфекцияның түсуін алдын алуға бағытталған іс – шаралардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасында ЕПҰ- дағы санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі нұсқалары әдістемелік құжаттарға мыналар жатады:

  • ҚР ДСМ 11.10.1999ж №476 бұйрық «АІИ –жұқпалы қауіпсіздік орнату»;
  • ҚР ДСМ 26.11.2002ж №1050 бұйрық « Республикада вирусты гепатитпен ауру – сырқауды төмендету бойынша жүргізілетін шаралар»;
  • СанПиН №8-01-013-03 « Медициналық құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялау. Тәсілдер, құралдар, тәртіптер»;
  • 3.06.2001ж Қазақстан Республикасының СЭС ОМО ұсынысы « Емдік – профилактикалық мекемелерде АІИ- ның алдын алу шаралары»;
  • СанПиН № 8-01-011-2001   6.03.2001ж « Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу бойынша шараларды өткізу және ұйымдастыру»;
  • СанПиН 8-01-083-2002ж « Ана мен бала өмірін сақтау ұйымына және де аурухана ұйымының маңызына және жабдығына қойылған талаптар»;
  • ВОЗ инструкциясы,1989ж №2 сериясы СПИД « Адамның имунотапшылық вирусы мен әсерлі күресуіне арналған стерилизация және дезинфекция тәсілдері бойынша нұсқау».

Аурухананың негізгі емдік- профилактикалық мекемелерін соғу үшін екі жақты немесе бір жақты кіреберіс жүйесі қолданылады. Туберкулезді және балалар ауруханаларда ашық және жабық балкондар болады, олар науқастардың таза ауада болуына арналған.

Емдеу-профилактик мекемелерін қүрылысында каридор системасы үсынылады. Балалар және туберкулез ауруханаларда ашық және жабық дәліздер және балкондармен қүрылады ол науқастардың таза ауада жүруі үшін. Аурухананың негізгі үяшығы палата болып табылады.Палаталар 1 және 4 керуеттік болып емдеу мекемесінің түріне байланысты. Палатада керуеттің максимал саны 6- дан аспауы керек.

1 Керуетке палатаның 7м2 бөлінуі керек. Палаталардың 10% I керуетгік болып табылады, олар ауыр халдегі науқастар үшін болып табылады. Палаталардың, дәліздердің, бөлімшелердің қабырғасы ашық түстегі бояулар мен боялуы тиіс себебі олардың кірленгені білінуі керек. Майлы бояулармен бояуды ұсынылады себебі ол қабырғалар көп жуылады. Линолеум және пластикпен төселген полдарды күніне бірнеше рет тазалау мүмкіндігі бар.Керуеттердің аралығы бір метрден кем болмауы тиіс,себебі ауруларды көру оларды қозғату және емдік процедураларды жүргізу үшін қажет. Керуерттер никелденген немесе майлы бояумен боялған болуы қажет себебі олар сүртуге ыңгайлы.Ауыр халдегі науқастар үшін функционал керуеттер және жастықшалар қодданылады, себебі науксақа керекті жағдайды жасау үшін, әр керуерттке оттегі және электр сигнал үшін басқыш орнату қажет.Керуерттің жаныңда керуерт маңлы столы болуы қажет, оған науқастың керекті заттары қойылады.Төсек тартып жатқан науқастар үшін қозғалмалы столиктер тамақтану үшін қойылады.

 

                Бөлімшеде құралдарды күтіп ұстау. Күту құралдарына: суартқыштар, грелкалар, мұздатқыштар, шыны эмальданған және резеңкелі Эсмарх табақшасы, дәрет ыдыстары, зәр жинақшалар, мензуркалар, дене, су және ауа температурасын анықтайтын градусниктер, резинадан жасалған дөңгелек қойғыштар, ойық жараның алдын алу үшін қолданылатын матрастар, т.б.жатады. бұл заттар арнайы түрде сақтанылады.

                Науқастың күтіміне арналған зттарды стерилизациялау және дезинфекциялау. Дәрет жйәне зәр жинағыш ыдыстарды науқасқа берер алдында олар жылы болу үшін ыстық сумен шаяды. Қолданылғаннан кейін оларды хлорлы әктің 0,5 % %  немесе хлораминнің 1% –і ерітіндісінде зарарсыздандырылады. Қолданылған клизма ұштары « лас» деген жазуы бар арнайы шыны ыдыста, ал таза ұштары – сабынмен жуылғаннан кейін қайнататын стерилизаторларда болу керек.  Инфекциялық бөлімдерде әр науқастың стационарлардан шыққанға дейін жеке қолданылатын заттар болады.

                Ауруханалық құрал – жабдықтар. Аурухана құрал-жабдықтарына, кереуеттер, сөрелер, зембілдер, шкафтар, креслолар жатады. Аурухана құрал – жабдықтарының сақталуына шаруа- медбике жауапты болады. Құрал- жабдықтардың санитарлы тазалығына тазалықшы жауап береді, ал оның жұмысын медбике бақылайды. Бөлімшедегі барлық медициналық, технологиялық, санитарлы-техникалық және басқа да жабдықтар, жиһаз және саймандар әрекеттегі техникалық шарттар мен стандартқа сәйкес болуы қажет. Бұл зарарсыздандыру және ылғалды тазалықты жүргізуге мүмкіндік береді. Науқастарға арналған палаталарда, дәрігерлер мен медбикелердің бөлімшелерінде ыстық және суық сумен жалғастырылған қолжуғыштар орнатылуы тиіс. Әр ір бөлімше механизациясы аз, қажетті және тиісті заттармен қамтылуы тиіс.

                Бөлімшенің барлық бөлмелері, құрал – жабдықтары, медициналық және басқа да құрал саймандары таза болуы тиіс. Бөлмелердің ылғалды тазалығы тәуелділігіне екі реттен кем болмауы керек, ал керек болған жағдайда жиірек және жуғыш ерітінділерді және де ҚР ДСМ қолдануға рұқсат етілген қазіргі дезинфектанттарды қолдану керек. Шыны айналар ішкі жағынан айына 1 рет, ал сыртқа жағынан айына -4-6 ррет сүртіледі. Бөлмелерді ылғалды тазалау жұмысына өткізу үшін ұнтақ тәрізді синтетикалық жуғыш заттарды қолдануға болады. Барлық тазартуға арналған жабдықтарда белгілі бір бөлімшені жинау жұмыстарының түрлері көрсетіліп, таңбалануы тиіс,тағайындау бойынша қатаң тәртіппен қолданылады және бөлек сақтанылады.

                Палаталардың және басқа да функцияналды, бөлмелердің күрделі тазалығы- қабырғаларды, еденді, барлық жабдықтарды уақытылы жуу және де жиһазды, шаңды, жалюзидегі шаң-тозаңды сүрту сияқты айына бір рет кесте бойынша жүргізілетін іс – әрекеттерді айтамыз. Каридор, дәріхана және басқа да бөлмелердегі қоқысты жинау үшін сауыттар орнатылуы тиіс, ал медико - техникалық процеспен байланысты егу және сол сияқты басқа да бөлмелерге педалді шелектер болуы керек. Стерилдіктілікті , асептика және антисептиканың ерекше тәртібін сақтауды талап ететін бөлмелерді тазалап болған соң және де экспулация процесінде ультра күлгін бактерициді шаңдар мен мерзімді түрді сәулелендіру қажет. Палаталарды тәулігіне 4 рет таза ауамен желдету керек. ЕПҰ- ның бөлмелерінде жылына 1 рет, қажеттілігіне байланысты жиі жеңіл косметикалық жөндеуден өткізілуі тиіс.

                Тәртіп ( режим). Ауруханалық тәртіп – науқастардың уақытылы және дұрыс тамақтануын, емдеуін және санитарлы- гигиеналық шараларды қамтамасыз етеді. Күн тәртібіне байланысты бүкіл медицина қызметкерлерінің жұмысы ұйымдастырылады.

Ауруханада шынайы жарықтандыру. 

Күн сәулесі адам организмі үшін пайдалы жәнеде көптеген микробтар үшін жойғыш. Науқастар келіп түсетін (палата, дәліз, каридор және де басқа) бөлімшелер солай орналасуы қажет. Көбірек күн сәулесі түсу үшін.Осы мақсатта палата терезелері оңтүстікке, онүстік шығысқа, оңтүстік батысқа қарауы кажет, ал операциялық бөлменің терезелері солтүстік,  солтүстік шығысқа,  солтүстік батысқа қарауы қажет.

Жасанды жарыққа қойылатын талаптар 

Кешкі және түнгі уақыттағы электр жарығы тым жарық болмауы қажет. Сол уақытты дәрігерлер бөлмесінде, лабораторияда, егу бөлмесінде, әсіресе операциялық бөлмеде және жара таңу бөлмесінде өте жарық болуы қажет.Операциялық бөлме және таңу бөлмесінде ерекше көлеңкесіз жарықтандыру системасы қолданылады.

Аурухана бөлімшелеріңдегі ауа температурасы. 

Палаталарда ауа температурасы + 20°С таңу бөлмесі және жуыну бөлмесінде +25-22°С операцион бөлмесінде және босану бөлімшесінде +25 "С болуы қажет. Бөлімшедегі температура бір қалыпты болуы тиіс.

Ауруханада бір науқас үшін гигиеналық ауаның қалыптылығы 

Адамдар бар бөлмедегі ауаның қүрамы әр дайым өзгеріп түрады. Бөлмедегі ауа шаңдары микробтары мен вирустар таралуына үлкен маңызы бар және сонымен қатар грипп жоғары тыныс алу жолдары қатарына, қызылша, қызамық ауруларына алып келеді. Аурухана палатасындағы бір науқасқа 27-30 м3 ауаны қүрау қажет, әр сағат сайын бүл ауа таза ауаға алмастырылып түруы кажет. Бөлме ауасының сыртқы таза ауамен алмастырылып түруы. Жабығы және жасанды желдендірумен жүзеге асырылады.             

Аурухана бөлмесінін желдендірілуі     

Аурухана бөлімшелеріндегі желдендіру форточка немесе терезе арқылы реттеу мүмкін емес өйткені климаттық және метериологиялық климатқа байланысты.Ауруханада жасанды келіп жөне тартып түратын желдендіру орнату қажет.Ол ауаны тазалап жылытып және суыту үшін. Опреациялық бөлмелер, бокстар, изометрлар өздеріне келіп және тартып алатын системалар болуы қажет. Әр бөлімшеге тартып және соратын гигиеналык, ауаның қалыпты болуы шарт.

Бөлімшедегі қүрал жабдықтар.  

Күту (қүрал заттарына - су ішкізгіш, мүз мүйық, грелка, резенке эмалданған және шыны Эсмарх кружкасы, тастауша зәр қабылдағыш, дене қызуын өлшеу үшін градусник және ауа судың температурасын өлшеу үшін градусник, резенке крук, ойық жараларының алдын алу төсегі жастықшалар және басқалар. Осы айтылған қүрал жабдықтардың барлығы өздеріне арналған арнайы орындарда түруы қажет. Науқастарды күтуге арналган қүрал жабдықтарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау. Тастауша және зәр қабылдағыш науқасқа берілу алдыңда ыстық сумен шайылады,  жылы болып түруы үшін қолданып болғаннан кейін оларды 0,5 % хлорлы әк және 1% хлорамин ерітіндісімен дезинфекциялайды. Қодданылған клизма үшін үштықтар арнайы «кір « деген жазумен жабыстырылған шыны ыдыста сақталуы керек. Ал тазалары стерилизаторда сабынмен жуылғаннан соң сақталады. Инфекциялық бөлімшеде әр науқастың ауруханадан шыққанша өзін күтуге арналған күрал жабдыктары болуы қажет.

Дезинфекция - АІИ алдын алудын өте маңызды бағыттарынын бірі болып саналады. Медицина кьізметкерлерінІң бұл жұмысы күрделі. Ол аурухана палаталарындағы функционалды бөлімшелердегі, медициналык кұрал-жабдыкгардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді бағытталған. Залалсыздандыру жұмыстарын ұйымдастыру және оны жүзеге асыру, медбике мек кіші медицина қызметкерлерінң күрделі кұнделікті орындалатын міндеггерінін бірі. Бұл шара АІИ алдын алуда ерекше орын алады, өйткені дезинфекция ауруханадағы аурудың бірден бір себебі. Тағы бір мән беретін жай - антибиотиктерге резистентті АІИ коздырғыштарының госпнтальдық штаммдары сырткы орта факторларынын, онын ішінде дезинфектанттар әсеріне тұракты. Мысалы, аурухана ішілік сальмонеллез - 8а1т, іурһітигіит - күнделікгі залалсыздандыруға колданылатын кұрамында хлоры бар дезинфектанттардың әдеттегі концентрацияларына сезімталдылыктары жоқ. Олар хлораминнін 3% ерітіндісіне немесе сутегінін аскын тотығынын 5% ерітіндісіне - 30 минутта өледі. Медбикенін бұл ғылыми фактілерІнің білмеуі және концентрациясы төмеи ерітіділерді колдануы, ауруханада сырткы әсерлерге өте жоғары дәрежедегі тұракты госпитальді штаммдардын пайда болуына алып келеді.

Жоғарыда аталған мысалдар, ауруханада профилактикалык және ошакты (кұнделікті және корытынды) залалсыздандыруды жүргізу тәсілдерінде және тактикасында көп айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді. Дезянфекция - күнделікті жні колданылатын, эпидемиологиялык кауіп тудыратын заттар мен қүрал-жабдыктарға жасалады. Сондыктан, концентрациясы жоғары ерітінділермен саштарлы бөлмелер, ыдыстар, жұкпалы наукастын жеке кнімдері мен төсектері өнделеді.

Эпидемияға карсы тәртіп және дезинфекция ережелерін сактау медицина кызметкерлері денсаулығын сактау және АІИ ауруларын жою екендігін білу кажет. Бұл ереже барлык медицина кызметкерлеріне, әсіресе операциялык, тану, егу бөлмелерінде, зертханада жүмыс істейтіи медицина қызметкерлеріне катысты, өйткені, олар АІИ тудыратын жоғары қауіптІ жұкпалы биологиялык материалдармен жүмыс істейді. Бөлімше жәяе функционалды бөлімшелерде медицина кызметкерлері тәртіпті катаң сақтау керек, яғни жеке сактану, техика кауіпсіздігінің ережелерін сактау керек, резенке қолғаптарды, колданылған заттарды, бір колданылатын кұралдарды міндетгі турде дезинфекциялау кажет. АИТВ инфекциясын, вирусты гепатит В, С және де баска аурухана ішілік инфекдияларды алдын алу үшін барлык колданылған затгарды, кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыруға дейінгі өндеуден өткізіп, кейін зарарсыздандырады.

Медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандырута дейінгі өңдеу клиника-диагностикалық бөлімдерде жүргізіледі. Ол дезинфекииядан және зарасыздандыруга дейінгі тазалаудан түрады.

Кұрал-жабдыкгарды, резенке қолғаптарды, лабораториялык ыдыстарды химиялык тәсілмен залалсыздандыру - 60 минуткд хлороминнің 3% ерітіндісіне және 90 минуткд сутегінін аскын тотығынын 4% ерггіндісіне салвп қою аркылы жүзеге асады.



Обновлен 30 ноя 2015. Создан 04 дек 2014



  Комментарии       
Имя или Email


При указании email на него будут отправляться ответы
Как имя будет использована первая часть email до @
Сам email нигде не отображается!
Зарегистрируйтесь, чтобы писать под своим ником

  ПАРАЗИТЫ у ребенка? Записывай: добавить 20 капель Бактефор на 100-150 мл воды...

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 У тебя папилломы и родинки? Рассказывает главный онколог России - в любой момент папиллома может стать...

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

  Гипертония это - тихий убийца. Пью 1-2 пакета в день и уже около месяца ни разу не вызывал скорую.

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Вечная молодость Софии Ротару или как за 2 недели помолодеть на 30 лет

  Читать далее


Внимание! Представленные материалы, являются информацией общего характера
и не могут заменить квалифицированной консультации врача специалиста.



Яндекс.Метрика



Сайт по лечению перекисью водорода и содой 

http://perekis-i-soda.ru/category/professor-neumyvakin