Ынтымақ қайда барасың? Иманды адамдарға барамын.




                   Ынтымақ қайда барасың ?

                Иманды адамдарға барамын.

 

      Әдетте ел арасында кеңінен тарқалған «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деген сөз бәрімізге түсінікті. Өйткені біз бәріміз бақытты болғымыз келеді, сол  үшін  бақ-бақыт  қайда  баратынын  білгіміз  келеді. «Өмірде ынтымағы  жарасқан  отбасы  бақытты» бірін-бірі сыйлайтын, шын жүрегімен бір-біріне жақсылық жасайтын ел бақытты.  Қарап тұрсақ осының бәрін бір  сөзбен  айтқанда «Ынтымақ» дейміз.  Ынтымақ шын көңілмен  жақсылық  жасаушыларда болады.  Жақсылықтың түрі көп, ең әуелі мусылмандармен   күлімдеп  сәлемдесуден  бастап, адалдық, мейрімділік, кішіпейілділік, кең пейілділік, жұмсақтық көрсету және көптеген жақсылықтар жасап,  Аллаһ тағаладан өзіңнің және басқа мұсылмандардың амандығына қол жайып тілек тілеу.

Міне жақсылықтың қайнар бұлақ көздері. Бірінші дүние жүзілік, енінші дүние  жүзілік  соқыстарда  аталарымыз  кеуделерін борандатқан  оққа қарсы тұрып не деп айқайлады? Отаным аман болсын, елім аман болсын деп, «Отан үшін, ел үшін алға» деп жауларымен  батырлықпен және ынтымақпен соғыса білді. Аллаға шүкіршілік  айтамыз, ынтымақпен бірлікті  ұран қылып өткен  бабаларымыз  бізге  мына   байтақ елді,  ыстық отанымызды мирас қылып қалдырды. Сол  аталарымыздың ізін басқан ел басшыларымыз. Қазақстан елін әлемге танымал  қылып,  мәңгі  ел  болуына   атсалысып, отаным,  елім, жерім  деп  жүрген  ағаларымызға – апаларымызға  көптеген  рахмет айтып, сол  кісілерге  сөз  көмегімізді, қол  көмегімізді  көрсетуіміз, ынтымақты ел болуға  қосқан  үлесіміз. «Отаны  бірдің  жаны бір». Пайғамбарымыз с.ғ.у. айтты: Мұсылмандар адамның  денесі  тәрізді , бір жері  ауырса  басқа мүшелерінің  мазасы  кететіні сияқты бір  мұсылман  қиналса басқа мұсылмандардың жаны  ашуы  керек». Отан біздікі, ел біздікі, жер біздікі бізде  ұрпағымызды  дұшпандардан  қорғау  үщін  ынтымақпен бірлік керек. «Отан  отбасынан  басталады» деген дана халқымыз. Үлкен  мемлекет – кіші шаңырақтан басталады. Бір отбасыда он бала болса,  тату  тәтті отбасы болуға не қажет? Пайғамбарымыз с.ғ.у. айтты: « үлкендерді  құрметтемеген, кішілерге  мейірімін  түсірмеген  біздерден  емес.»деген.Әр бала  әке-шешесіне  бағынуы, құрметпенен  қызметіде  болуы, ал  әке-шеше болса  ұл-қыздарымызға  алғашқы  ұстазы екенімізді  ұмытпауымыз  керек. «Әкеге қарап  ұл  өсер, Шешеге қарап қыз өсер» деген. Әке-шеше  әр сөзін  байқап сөйлеуі  керек,  перзенттерімізге  істеген  жақсылығымызды  айтып міндетсінген  сайын  қадірімізден  айырылатынымызды  білуіміз  керек. Әке мен  шеше  бір-бірін  сыйлап, жұмсақ  сөйлеп  өле-өлгенше  бір-біріне  кешірімді  болса,  міне  алғашқы  тәрбие  перзенттеріміздің  жүрегіне  сіңеді. Әке отбасының президенті патшасы,Шеше отбасының бас уәзірі (премер-министрі).  Он баласы  көпшілік  халықпен  тең.  Міне  отан  отбасынан басталатынын  осыдан  байқаймыз.  Патша  мен  уәзірлердің  ынтымағы жарасқан  болса  халық  қарапайым  бағынышты ел, міне  отан  мен отбасының  арасындағы байланыс. Ынтымақты ел болу үшін  иманды ел болуымызды  түсіндіреді. Иман  болмаса  ынтымақта болмайды, бір ақын ағамыз айтады.

Бәрінде көрсетіп тұр тарих тарлан

Қазақтар Құдай деген халық болған

Иманы күшті кезде бабаларым

Осынау кең даланы алып қалған

Иманы әлсіз кезде талай жерлер

Көршілес халықтарда қалып қалған

Өйткені иман барда ынтымақ бар

Екені тәжірибеде анықталған.

Тарихымызда  еліміздің  ынтымағы  күштілігімен  атағы  шыққан. Өйткені біздің  ел  иманды  ел  еді.  Осыншама  байтақ  Қазақстанды ата- бабаларымыз  иманының  күштілігімен  сақтап  қалған.  Иман дегеніміз – Құдайға шын сену.  Ислам  дінінің  тармақтарына  дейін  бекем  ұстанып   адалды – адал  деп  сауап іздеген, харамды – харам деп  күнәдан  қашқан ел  нағыз иманды ел болмақ.  Дініміз  бірінші құран  кітапқа назар салады. Ынтымақ турасында құдайдың бұйрығы:

«Ей, иман келтіргендер! Аллаға, Пайғамбарға және өз араларыңдағы әмір иелеріне бойұсыныңдар» (Ниса сүресі -59 аят)

Міне Алланың бұйрығы  бір басшыға бағыну, адастыратын  әр түрлі  ағымдар бар, әр ағымның басшысына бағынбай, бір басшыға  бағыну. Әркімнің жетегінде жүрмей,  Ел басшымыздың, Дін басшымыздың жетегінде жүру  уажіп. (әркімге міндет). Пайғамбарымыз с.ғ.у. бұл  жайында былай дейді:  «Кім маған мойын ұсынса,  Аллаһқа  бойұсынған болады. Кім маған қарсы  шықса, Аллаһқа  қарсы шыққаны болады. Кім әміршіге бойұсынса, маған бой ұсынғаны. Кім әміршіге қарсы  келсе маған қарсы келгені»(Муслим ривояты).  Патшаға, дін басшыға қарсы келу бүлікшінің нағыз өзі. Ал  қоғамның тыныштығын бұзатын тірлік  пен  іріткі салуға Аллаһ  тағала мұсылмандарға қатаң  түрде  тыйым салған. Қасиетті құранда былай  дейді: «бүлік шығару адам өлтіруден бетер»(Бақара-217). « Аллаһ бүлік  шығарушыларды  сүймейді» (Майда сүресі – 64 аят).

Құдайы  күні  қоңсымен,  көршімен тату болу , келіспеушілік  болатын жолды  жоқ  қылу.Досың мен сенімді дос болу, ренжітпеу .Ағай туыс бауырмен қоян қолтық араласу. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса  ас көп»  деген  бір  мұсылман  жетістікке  жетіп  қуанса бізде сол жақсылыққа  жеткендей  қуануымыз, бір  мұсылман  қайғырса, қиналса біздіңде  соған  жүрегіміз  ауырып көмек  қолын  соза алсақ  жақсы, болмаса сөз көмегімізді аямау, бұлда  иманды адамның ісі.Өйткені құран  кәрімде былай дейді: «Анығында Аллаһ адамдарды әділ болуға,жақсылық жасауға, ағайынға қарайласуға бұйырады. Арсыздықтан, тоңмойындықтан, азғындақтан тыяды» (Нахыл сүресі – 90аят). Енді Алланың  әмірін орындамауға не кедергі,  біздің өмірімізде  не істесекте өзіміге қайтады, алдымыздан шығады. «Жақсылық  қылсаң өзіңе, жамандық қылсаң өзіңе» Аллаһ бәріненде ең әділ, әділдігі шексіз. Құран кәрімде «Күмәнсіз, Раббың-Тасада(қалт жібермей қадағалауда)» (Фажір сүресі – 14аят). Пайғамбарымыз с.ғ.у. хадисінде сахабаларға айтады:

« Сендерге намаз, ораза және садақаданда артық  бір нәрсе айтайын ба ?-деді.

Сахабалар  Ха  ия айтыңыз  Я расуллоһ – десті. Пайғамбарымыз c.ғ.у.: жарастыру, татуластыру. Себебі: араның  бұзылуы  шаштың  түбінін  емес , діннің түбінен шығады,-деді.» (Термизи Қиямет -56)  Ренжіскен адамдарды татуластырудың  сауабы намаз,  ораза,  садақадан да артық екен. Ендеше ұрысқан  адамдарды  татуластырайық. Құрметті жақсылар! Ислам діні бізден үй-ішінен үй  тігуді немесе түрлі  ағымға бөлініп,  кейбір діни саяси топтың қол шоқпары болып, бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы  ынтымақпен бірлікті  ұстануды  бұйырады, сөздің  соңын  Пайғамбарымыз с.ғ.у. хадисімен айақтайық: Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп  шығудан өте қатты  сақ болындар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде-кім жаннаттың дәл ортасында өмір  сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін» (Термизи Фитан-7).

Саусақ бірікпей ине ілікпейді, соны білейік,  тату  тәтті, өмір сүрейік.

 

                                              Арыс  қаласы  «Рәтәй қажы» мешітінің

                                                Имамы.  Исбасханов Пердебек  Орынбасарұлы.



Создан 17 дек 2014



  Комментарии       
Имя или Email


При указании email на него будут отправляться ответы
Как имя будет использована первая часть email до @
Сам email нигде не отображается!
Зарегистрируйтесь, чтобы писать под своим ником

  ПАРАЗИТЫ у ребенка? Записывай: добавить 20 капель Бактефор на 100-150 мл воды...

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 У тебя папилломы и родинки? Рассказывает главный онколог России - в любой момент папиллома может стать...

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

  Гипертония это - тихий убийца. Пью 1-2 пакета в день и уже около месяца ни разу не вызывал скорую.

  Читать далее

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Вечная молодость Софии Ротару или как за 2 недели помолодеть на 30 лет

  Читать далее


Внимание! Представленные материалы, являются информацией общего характера
и не могут заменить квалифицированной консультации врача специалиста.



Яндекс.Метрика



Сайт по лечению перекисью водорода и содой 

http://perekis-i-soda.ru/category/professor-neumyvakin